Алматыда менингококк жұқпасынан 27 жастағы жігіт қайтыс болды

559

Алматыда менингококк жұқпасынан 27 жастағы өрт сөндіруші жігіт 12 сағатта қайтыс болды.

Олжас Сүлейменов 2 маусымда дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырып, ауруханаға жеткізілген. «2 маусымда күні бойы қызуы көтерілді. Ол жай тұмау шығар деп мән бермеді. Кешке жағдайы нашарлаған соң жедел жәрдем шақырдық. Алайда, таңға жуық қайтыс болып кетті», — деді Олжастың туған ағасы Ерболат.

Марқұмның жақындары жерлеу шарасын бүгінге жоспарлаған болатын. Алайда, олар марқұмның денесін мәйітханадан ала алмай жатыр. Мүрде сараптамаға жіберілген. Ағасының айтуынша, Олжас ауырған бетте жедел жәрдем шақырған.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында оған жұқпалы респираторлы вирус деген диагноз қойылып, антибиотик алып үйіне қайтарылған. Үйіне жеткізілген Олжастың жағдайы одан әрі нашарлаған соң түнде жігітті қайтадан ауруханаға алып кеткен. 3 маусымда таңға жуық жігіт қайтыс болып кетті.

Досының айтуынша, Олжас қалалық ТЖД өрт сөндіруші болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, қазір жұқпалы аурулар ауруханасында Олжаспен байланыста болған адамдар да бақылауға алынды. Айта кету керек, бүгінде Алматыда менингококк жұқпасынан 5 адам көз жұмды. Олардың барлығында менингокок жұқпасының геренализді формасы болған.

Жедел асқынудың кесірінен небәрі 3-5 сағатта марқұм болып кетті. Олардың ішінде 4-5 жастағы балалар бар. Ал, Алматы облысында қаза болғандардың саны 3 адамға жетті. Сондай-ақ, Қызылорда облысында 27 жастағы жігіт аталған жұқпадан көз жұмған.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.