Алғысқа бөленген дәрігерлер

460

Дәрігерлік – жауапты мамандық. Мұнда адам тағдыры тұрғандықтан еш қателесуге болмайды. Бұл ретте дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс.

Осы ретте жемісті еңбек етіп, бас бостандығынан айырылғандардың алғысына бөленіп жүрген Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 мекемесі медицина бөлімінің қызметкерлері туралы айтуды жөн көрдік.

Әділет капитаны Гүлшат Жолынбекқызы басқаратын бұл бөлімдегі ақ халаттылар жүздеген науқасқа қол ұшын созып, дертінен айығуына жол ашып келеді. Мұнда ем қабылдаған сотталғандардың барлығы осындағы дәрігерлердің өте тәжірибелі, өз ісіне берілген еңбекқор мамандар екенін айтып, ризашылықтарын білдіруде.

Алғыс айтушылардың бірі — диспансерлік есепте тұратын жазасын өтеуші Болат Айнакулов. Оның айтуынша, осы мекеме ауысып келгелі денсаулығы түзеле бастаған. Медицина бөлімінің бастығы Гүлшат Жоланбекқызы оны өз қадағалауына алып, үнемі қолдау білдіріп отырады. Бұдан бөлек, ол медицина бөлімінің қызметкерлері өзге де сотталғандардың тұрақты түрде қан қысымын өлшеп, қажетті кеңестерін аямайтынын тілге тиек етті.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша №8 арнайы медициналық-сараптама орталығының бөлім басшысы Сәкен Тұңғышбаев, бас маман Балтабай Алдажаров, Расул Урозов аталған мекемедегі медициналық бөлімнің ұйытқы болуымен жазасын өтеуші Болат Айнакуловты медициналық тексеруден өткізіп, ІІ топтағы мүгедекді анықтаған. Өз кезегінде Б.Айнакулов дер кезінде көмек қолын созатын медициналық бөлімнің бастығы Гүлшат Жоланбекқызымен сол бөлімдегі ақ халаттыларға тағы бір мәрте ризашылығын білдірді.

Жалпы, жаза басып темір торға тоғытылғандардың басым көпшілігі мұндағы медицина қызметкерлерін «қолы алтын дәрігерлер», «алғыс арқалаған ақ халатты абзал жандар» деп құрметтейді. Өйткені, талай сырқаттың сауығуына себепші болған бұл бөлімнің қызметкерлері күллі саналы ғұмырын медицина саласына арнағандар!

Әділхан Тұрсынбаев,

ЖД-158/4 мекемесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.