Алаяқтар Құралай Анарбекованың атын жамылып, елден ақша сұраған

139

Бұл жайында актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

Оның айтуынша, әлдебіреулер оның атын жамылып, таныстарынан ақша сұраған. Әрі аз емес, қомақты сома.

– Мынау деген сұмдық жағдай! Әлдебіреулер парақшамдағы суретімді сақтап алып, таныстарымнан ақша сұрап жатыр. Өзі аз ақша емес, үлкен сома. Сондықтан мұндай хабарламаға сенбеңіздер! Оларды бірден бұғаттап тастаңыздар. Өзім ешкімнен ақша сұрағаным жоқ. Әуелі құқық қорғау органдарына арызданып, бұл жағдайдың анық-қанығын білмекпін, – деді ол.

Актриса дәлел үшін таныстарына келген хабарламаларды жариялаған.

Жалпы, есімі елге белгілі азаматтардың атын пайдаланып, ақша жымқыру жағдайы елде бірінші рет емес. Мәселен, жақында Тәуекел Мүсілімнің есімін пайдаланған. Тіпті, оның әйелінің аккауынтын бұзып, анасын емдету үшін ақша жинаған алаяқтар да болған.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.