«ЖАМБЫЛ ДАРЫНЫ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

8
Жангасиева Жанар Урунбасаровна «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Жанар Урунбасарқызы 1971 жылғы 7 қаңтарда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақырап ауылында дүниеге келген.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық негіздері факультетінде білім алып, жоғары білім алған.
Еңбек жолын 1993 – 2011 жылдары — Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы №21 орта мектепте тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі, тәрбие іс жөніндегі орынбасар болып бастаған.
2011–2018 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін — облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.