2026-2027 оқу жылының күнтізбесі бекітілді

36
Елімізде 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың мерзімдері белгіленді. Оқу жылы 2026 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады.
Бірінші тоқсан сегіз аптаға созылады. Күзгі демалыс 26 қазанда басталып, 1 қарашада аяқталады. Оқушылар жеті күнтізбелік күн демалады.
Екінші тоқсан да сегіз оқу аптасына есептелген. Ересектер мен балаларға қиын болмас үшін қысқы демалыс екі аптаға созылады. Яғни 2026 жылдың 28 желтоқсанынан 2027 жылдың 10 қаңтарын қоса алғандағы аралықты қамтиды.
Үшінші тоқсан ең ұзақ тоқсан болады. Ол он оқу аптасын алады. Көктемгі демалыс 22-28 наурыз аралығына жоспарланған.
Бірінші сынып оқушылары қосымша тағы бір апта демалады. Олар үшін қосымша демалыс 2027 жылдың 8-14 ақпаны аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан сегіз аптаға созылады.
Белгіленген мерзімдер меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарына қолданылады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.