Қазақстан азаматтығын алу үшін тестілеуге өтініш қабылдау басталады

66
Қазақстан азаматтығын алуға ниетті шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар тестілеуге 10-20 тамыз аралығында өтініш бере алады. Сынақ 22 тамызда өтеді. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тапсыруға болады.
Емтихан қазақ тілі, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша үш бөлімнен тұрады. Барлығы 100 баллдың кемінде жартысын жинау қажет. Экзаменге 2 сағат 10 минут беріледі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қосымша 30 минут қарастырылған.
Тестілеу құны – 14 мың 693 теңге. Ал дайындық үшін сынақ тестін 3 мың 355 теңгеге тапсыруға болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.