GOLDEN COMPASS «Меркі» табиғи паркін дамытуға белсенді үлес қосуда

79

«Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ мен Golden Compass компаниясының басшылығы табиғи парктің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландыру жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды baq-orda.kz  «Ақ жол» облыстық газетіне сілтеме жасап.

«Меркі» табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. Оны құрудағы негізгі мақсат – Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді сақтау. Парк аумағы шамамен 80 мың гектарды қамтиды. Алдағы уақытта мұнда туристік инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ғылыми-ағартушылық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Golden Compass компаниясымен жасалған келісім аясында «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде жаңа кіреберіс қақпасы (арка) бой көтереді. Бұл қақпа тек сәулеттік нысан ғана емес, табиғи парктің өзіндік келбетіне айналмақ. Ол аумақтың туристік тартымдылығын арттырып, Жамбыл облысындағы ең көрікті табиғи орындардың бірінің ерекшелігін айқындай түседі деп күтілуде. Меморандум аясында Golden Compass компаниясы Меркі ауданындағы жер қойнауын пайдаланушы ретінде аталған жобаны қаржыландырды.

Golden Compass өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды тұрақты түрде жүзеге асыруға қолдау көрсетіп келеді. Ал табиғи парк ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи мәдени және рекреациялық маңызға ие. Парк аумағында туризмді дамытуға және ұйымдастыруға көптеген мүмкіндік қарастырылған.

Кіреберіс қақпаны дайындау және орнату жұмыстарын бекітілген жобаға сәйкес Мар For ЖК жүзеге асырады. Ал «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ құрылыс жұмыстарының сапасын, белгіленген мерзімде орындалуын және бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Кіреберіс қақпасы табиғи парктің жаңа символдарының біріне айналып, келушілерге айрықша әсер сыйлап, қорғалатын табиғи аумақтың туристік тартымдылығын одан әрі арттырады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.