Креативті индустрияны дамыту мәселелері қаралды

49
Креативті индустрия – экономиканың жаңа драйверлерінің бірі. Сондықтан бұл саланы дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға, ұлттық мәдениет пен шығармашылық әлеуетті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар.
Бүгінгі кеңесте өңірдегі шығармашылық бастамаларды қолдау, креативті кәсіпкерлікті ынталандыру, талантты жастардың әлеуетін ашу және осы бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану мәселелері жан-жақты талқыланды.
Елімізде биыл «Креативті индустрияларды дамыту қорының» ұйымдастыруымен ауқымды жобалар жүзеге асуда. Ал, өңірде былтыр «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылған. Бұл тұрғыда 190-ға жуық шеберді біріктірген мекеме жемісті еңбек етіп келеді.
Сондай-ақ, жауапты басқармаларға салалар бойынша аймақтың әр ауданындағы ерекше кәсіп иелерінің жұмысын таныстыру, оқу орындарындағы білімгерлердің шығармашылық туындыларын насихаттау сынды нақты міндеттер жүктелді. Барлық жұмыстар белгіленген мерзімде және сапалы орындалуы тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге креативті индустрияны қолдау және дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Leave A Reply

Your email address will not be published.