Ерқанат Көпжасарұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Алматыдағы медиаорталығының басшысы болып тағайындалды
Ерқанат Көпжасарұлы 1987 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Қазақ радиосының «Әлеумет» редакциясында редактор болып бастаған. Кейін Қазақ радиосының Алматы студиясында редактор қызметін атқарды. 2017-2022 жылдар аралығында «31 канал» телерадиокомпаниясының «Информбюро» ақпараттық бағдарламалар бөлімінде жетекші тілші болды. 2022 жылдан бері «Қазақстан» телерадиокорпорациясында, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекциясында продюсер-жүргізуші және «Ашық алаң» бағдарламасының жүргізушісі қызметін атқарып келді.
Ерқанат Көпжасарұлын ұжым атынан құттықтап, жаңа қызметіне табыс тілейміз!