Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды

81

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды: 14 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Астанадағы HAS SANAT өнер галереясында Қазақстан мен Қырғыз Республикасы суретшілерінің «Нұр шашу» атты халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Экспозицияға Әсел Тілеулен, Сансыз Мирзираимов, Абай Насиридин уулу және Ислам Дооровтың 60-тан астам кескіндеме туындысы қойылған.

Көрме өзегіне адам жанындағы сәуле, ішкі тазару мен рухани тереңдік тақырыбы арқау болған. Суретшілер бұл ұғымдарды әртүрлі көркемдік мәнер, дара қолтаңба және бейнелеу тәсілдері арқылы көрсеткен. Шығармашылық ұстанымдары бөлек болғанымен, экспозиция тұтастай алғанда жан тыныштығы, үміт, рухани тірек және адам сезімінің терең болмысы жайындағы ортақ көркем ойды алға шығарады.

Көрме қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Өз құттықтауында Үкімет басшысының орынбасары мұндай жобалардың мәдени байланыстарды нығайтып, халықтар арасындағы рухани жақындықты тереңдете түсудегі ерекше маңызын атап өтті.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279754-astanada-nur-sasu-xalyqaralyq-kormesi-asyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.