Жаңадан салынған мектеп қайта бұзылып жатыр

645

Байзақ ауданына қарасты Ақшолақ ауылында салынып жатқан мектеп құрылысы қайта бұзылып жатыр.

Аталған сәулет құрылысы мен құрылыс саласында бірқатар олқылықтар байқалған. Бұл жағдай Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың ауданға жұмыс сапарымен келген кезінде анықталған болатын.

Осыған орай,  мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен әкімшілік ықпал ету шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 120 орындық бұл мектептің құрылысын дұрыс қадағаламаған «Эльжан» ЖШС-нің техникалық қадағалаушысына 180 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды. Сонымен қатар, мердігер компанияның аттестаты 6 айға тоқтатылып отыр. Ал аталған нысанға авторлық қадағалау жұмыстарын жүргізген «Күмбез-тас» ЖШС-де дәл  осындай көлемде айыппұл төлемек.

Сондай-ақ,  Байзақ ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысында да тиісті нормалар сақталмағандығы анықталды. Нысанға жауапты «Инжиниринг» серіктестігінің техникалық қадағалаушысына айыппұл салынып, лицензиясы 6 айға тоқтатылды.

Айта кетейік, жауаптылар аталған нысан құрылысын 2019 жылы бітіріп береміз деп отыр.

taraztv.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.