Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Елбасы жас жұбайлардың неке қию рәсімі өтіп жатқан жаңа «Ақ сарай» салтанат сарайына барды.
Қазақстан Президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі.
– Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Алдыңғы 1 of 4 Келесі
Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Жас шаңырақ иелері Қазақстан Президентіне жас отбасыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан саясаты үшін, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы үшін алғыс білдірді.
Жаңа салтанат сарайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.