Сарысуда ауыл жолдары жөнделуде

629

Сарысу ауданының экономикалық-әлеуметтік жағдайы жыл санап өсіп келеді. Соның нәтижесінде қала, ауыл, елді мекендері көркейіп ажарлана түсуде.

Соның бір дәлелі ретінде Жаңаталап ауылдық округінде жол мәселесі біртіндеп шешімін тауып отыр. Биыл Ұйым ауылы, Ж.Сырлыбаев атындағы көшеге 0,740 шақырым асфальт жол салынды. Бұл жол жөндеу жұмысына аудандық бюджеттен 15 273,0 мың теңге бөлінді. Орта жөндеу жұмысын мердігер «Сарысу-жолдары» ЖШС-і  жүргізді.

Ж.Сырлыбаев атындағы көшесінің тұрғыны зейнеткер Сайлаубек Қабылбеков өз алғысын былай жеткізді:

— Ауыл еңбеккерлерінің қазіргі нарық заманы талаптарына сай ұйымшылдықпен еңбек етіп, тұрмыстарын түзеп, мәдениетті өмірге талпынып отыр. Шағын ауылдардың өзінде әлеуметтік маңызы зор осындай игілікті істердің жүзеге асуы Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі.Ауыл тұрғындарының  өтініш-тілегін орындаған  аудан басшысына, ауылдық округ әкіміне, жолды салған азаматтарға көпшілік атынан алғысымды білдіремін, — деді.

Келер жылы Ұйым ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы көшені жөндеу жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.