Сарысулық ақын-жазушылардың шығармашылығы таныстырылды

1 065

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Сарысу ауданына 90 жыл толуына арналған  «Асылдар туған, шежіре тұнған құт мекен» атты әдеби шығармашылық жиын өтті, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі.

Іс-шарада Сарысу ауданы туралы  «Шежірелі Сарысу», «Ұлы жібек жолындағы-жаңару» атты деректі фильм көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері Ж.Тынысбек,Томирис Сыздықова ауданның құрылған жылы жөнінде, жалпы тарихы туралы айтып, кешке арнайы шақырылған қонақтарға сөз беріліп, туған жер туралы шығарылған жергілікті ақын-сазгерлердің өлеңдері оқылды.

Байтақ Отанымыздың ажырамас бір бөлшегі болып саналатын ауданымыз осынау кезеңде, жүріп өткен жолдарында небір күрделі қиыншылықтардың, қалыптасу, өрлеу, тоқырау кезеңдері туралы, өз туған елінің өркендеуіне аянбай еңбек еткен, қазіргі кезде бейнетінің зейнетін көріп, ұрпаққа қамқор болып жүрген зиялы қауым өкілдері қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Рыспанов, еңбек ардагері Б.Төлебаев, А.Қасымбеков  сол кездегі шалғайдағы  Жаңатас қаласы туралы  «Қаратау» кен-өңдеу кешенінің тарихы мен өткенін, бүгінгі жетістіктеріне тоқталды.   Жастар ресурстық орталығының басшысы  М.Бегеев, «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының консультанты М.Пірімбек, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі С.Тоқбанов өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, соңынан арнау өлеңін оқыды.

Жергілікті ақын-жазушыларымыз Т.Рахымның «Сарысуым-саялы мекенім» өлеңін Жаңатас көпсалалы колледжінің студенті А.Нұрғалиева, А.Саттаровтың «Айналайын Атамекен-құт мекен» өлеңін Ә.Байділдә, М.Райымбекұлының «Арман» өлеңін М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы А.Аужан, Р.Смағұлованың «Саудакентте қос кесене» өлеңін Н.Мұхамедиярова, Р.Сүлейменұлының «Тоғыз жолдың торабы» өлеңін А.Тамаш,  Б.Нұрмаханұлының «Сарысу» өлеңін А.Оңғарова  шабыттана жатқа оқыды. Қазақтың ұлы күйшісі, қобызшысы Ы.Дүкенұлының  «Қараторғай» шығармасын өнер мектебінің оқушысы А.Жаннұр орындап, қатысушылардың қошеметіне бөленді. «Тарихы ерен, тамыры терең Сарысуым» атты кітап көрмесінен  Сарысу  өңірінен, аудан тарихынан мол мағлұмат беретін кітаптар: П.Дүйсенбиннің «Сарысунама», «Үркердей болып көшкен жұрт»,«Жамбыл облысы  тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы Сарысу  ауданы»  т.б  кітаптарына   кітапхана қызметкері   Г.Сарманова   шолу жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.