Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

500

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты жария болды.

Қазақстандық боксшы қыз испаниялық былғары қолғап шебері Мириам Гутьерреспен кездеседі. Жекпе-жек 4 тамыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы M-1 аренасында өтеді. Бұл туралы Шарипованың менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.

«Біз M-1 аренаны таңдадық. Жекпе-жеккке арналған жаңа спорт алаңы талаптарға толық жауап береді. Біз трибунадағы жанкүйерлер, сонымен қатар телекөрермендер үшін үлкен шоу жасауға тырысудамыз. Жекпе-жектің трансляциясына әлемнің түкпір-түкпірінен өтініш түсіп жатыр. Бокс кеші 100-ден аса елде тікелей эфирде көрсетіледі. Фируза —  әлемга танымал, оның шайқасын барлығы күтуде», — деді Шарипованың менеджері.

Фирузаның қарсыласы — М. Гутьеррес Испания чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері. Кәсіби бокс алаңында 7 рет жұдырықтасқан. Жеті жекпе-жекте де жеңіс тұғырына көтерілген. Оның 3-уінде қарсыласын уақытына жетпей тізе бүктірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.