5 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 31 жыл толуына орай «Жеңіс» саябағындағы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өткізілді.
Іс-шараға қаланың әкімі А.Қарабалаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Түсіпов, қалалық мәслихатының хатшысы Б.Құлекеев, қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Бекболатов, Ауған соғысының ардагерлері, Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері қатысты.
 
			 
				 
						 
                         
                         
                         
                         
                        