Жамбыл облысына 30 мың шаршы метрден астам спорт нысандары керек

624

Жамбыл облысы халқының 29 пайызы спортпен шұғылданады екен.

Өңірде 142 спорт залы бар. Соның бәрі жұрттың бәріне жете бермейді. Мәселенің шешімі қайда?

— Әмірхан аға, өңірде бұқаралық спортқа ынтық адамдардың санын арттыру үшін алдымен не істеу керек?

Әмірхан Төлен, спорт ардагері:

— Біздің аймақта 1 милионнан астам халық тұрады. Арнайы норматив бойынша әрбір мың адамға кемінде 70 шаршы метр спорт алаңдары мен нысандары болуы тиіс. Осыншама халыққа 78 мың шаршы метрден астам спорт залы болуы қажет. Қазір оның тек жартысы ғана қолданыста бар. Әлі өңірге 30 мың шаршы метрден астам спорт нысандары керек. Дегенмен облыс тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдану көрсеткіші жаман емес.

— Сонда Жамбыл облысының тұрғындарын толық спорт залдармен қамту үшін әлі қанша спорт нысандары салынуы керек?

— Елбасының жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес, халықты спорт алаңдары мен денешынықтыру залдарымен толық қамту үшін 30 нысан салынуы тиіс. Әсіресе халық көп шоғырланған қалалар мен елді мекендерде құрылысты бастау керек. Ең көбі Тараз қаласы, Жамбыл, Қордай, Байзақ, Меркі аудандарына қажет. Биыл жалпы құны 2,5 миллиард теңге болатын 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Бірақ бұл өңірдегі бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру үшін аздық етеді.

— Облыс мектептеріндегі спорт ғимараттары қаншалықты тиімді пайдаланылып жатыр? Ірі спорт кешендерінде жастарға, оқушыларға жеңілдіктер қарастырылған ба?

— Қаладағы «Тараз-Арена», «Дельфин» сияқты үлкен спорт кешендері ақылы негізде жұмыс істейді. Дегенмен бұл нысандарда 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған. Елбасының жолдауынан кейін енді оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін негіздегі жұмыс тәртібі қолға алынуы керек. Ал мектеп спорт залдарында спортпен шұғылдану тегін. Бұл бағытта жергілікті әкімдік, білім мен денешынықтыру және спорт басқармалары арасында үшжақты меморандум жасалған.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.