«Көне Тараз шеберлері» ұлттық-мәдени кешені ашылды

794

Тараз қаласында «Көне Тараз шеберлері» ұлттық-мәдени кешені ашылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның басты мақсаты қала тұрғындары мен туристеріне ашық аспан астындағы мәдени демалыс орнын құруға бағытталған. Көзделген арнайы шеберханаларда мастер-класс өткізу арқылы тұрғындар мен туристердің халық шығармашылығына, қолөнершілікке қызығушылығын тарту және танымал ету, онда туристер мен қонақтар шеберлер технологиясымен танысуға және қолөнершілер бұйымдарын өздері жасауға тырысу мүмкіндігіне ие болады. Қол шығармашылық еңбегінің құндылықтарын қалпына келтіру, дәстүрлі халық мәдениетін сақтау мен дамытуға назар аудару, өскелең ұрпақты оның бастауына тарту.

Қолөнершілікті дамыту саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, сондай-ақ халықтық көркем кәсіпшіліктер бұйымдарын өндіруді танымал ету. Ұлттық-мәдени кешенді ашуға туризм саласындағы халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ірі халықаралық және қазақстандық туроператорлардың, саланың халықаралық сарапшыларының өкілдері, жоғары оқу орындарының, колледждердің, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия мен Еуропа елдерінің қолөнершілер қозғалысының көшбасшылары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.