Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу

11

Жамбыл ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Кездесуге «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру, азаматтық қоғамның рөлі және әр азаматтың ортақ жауапкершілігі туралы пікір алмасылды.
🤝 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ашықтық, адалдық және әділдік қағидаттарын берік ұстану арқылы ғана жемқорлықсыз қоғам құруға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.