Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретін еркектерге қатысты пікір білдірді

4

Өнер иесі жазбасында әйелді ұрып-соғуды ер азаматқа тән әрекет деп санайтындарға сын айтты. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйелдерге күш көрсетуді ақтауға болмайтынын айтып, бұл әрекетке қатысты ойын Threads парақшасында жариялады.

Өнер иесі жазбасында әйелді ұрып-соғуды ер азаматқа тән әрекет деп санайтындарға сын айтты.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркек деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес — малсыңдар болды», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Ол әйелге күш көрсетуді адамдыққа жатпайтын әрекет деп бағалады.

«Әйелге әлімжетік жасап абырой жинаймын деу — адамдықтың ең төменгі шегі!» – деді әнші.

Димаштың бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Threads-тегі  жарияланымға көптеген қолданушы қолдау білдіріп, пікір қалдырып жатыр.

Әншінің жазбасы соңғы кездері елімізде болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әйелдерге қатысты күш көрсету мәселесіне қатысты болып отыр.

Instagram / Kudaibergenov.dimash
Leave A Reply

Your email address will not be published.