Абай облысының орталығы — Семей қаласында өтіп жатқан кіші жасөспірімдер және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Таластық жерлестеріміз топ жарды.
Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен жиналған ел чемпионатында 530 кіші жасөспірім 10 салмақ дәрежесінде, ал 730 жасөспірім ұлдар мен қыздар 9 салмақ бойынша өзара мықтыларды анықтауда.
Аталған ел біріншілігінде 2008-2009 жылғы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен 42 кг салмақ дәрежесінде Нұрлан Ерасыл, 50 кг салмақта Рахан Жасұлан, 60 кг салмақта Сәбітбек Ақниет ел чемпионы аттанса, 50 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрлан Темірлан күміс жүлдеге ие болды.
Жас спортшыларымызды және олардың бапкерлерін Айтенов Нариман, Бекұзақов Бауыржан, Қуатов Дәурен және Мүбарак Ақжолды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі