​«Сырқатымды естіген жігіттер қашып кетеді»: Сара Амангелді жан сырымен бөлісті

318

Кезінде «Кешью» тобында өнер көрсеткен әнші, кейіннен көпшілікке «Келінжан» телехикаясында Асылым рөлімен танылған актриса Сара Амангелді әлеуметтік желілерден көрінбей кетуінің себебін ашып айтты. «Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын. Дәрігерім «қалай ән айтып жүрсіз» деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын ба деп қорқамын, паника» дейді ол. Сара Амангелдінің айтуынша, бұл сырқаты жеке өміріне де кедергісін келтірген екен. «Уақыт өте келе осындай проблемалар бар екендігін айтқан соң, араласып жүрген жігіттер сразу өзгеріп, на месте өтірік сылтауратып, ұрысып, кетіп қалатын. Не үшін екені айтпасам да белгілі шығар… Типа «ертең сенен туған бала тоже солай туыла ма?” деп айтқан даже» деп ағынан жарылды өнер иесі.

http://ernur.kz/kundelik/syrkatymdy-estigen-zhigitter-kashyp-ketedi-sara-amangeldi-zhan-syrymen-bolisti

Leave A Reply

Your email address will not be published.