ӘРІПТЕСІМІЗ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Үздік жас медицина қызметкері» төсбелгілерінің иегері атанды.
Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді орындап, қоғамда ақ халаттылардың мәртебесін көтеру, медицина саласында өз жұмысын адал, сапалы, кәсіби шеберлікпен және жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандырып, өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында республикалық «ЖЫЛ ҮЗДІГІ — 2022» республикалық байқауы өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша, аймақтық дәрігер Гульмира Амантева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Үздік жас медицина қызметкері» номинацияларында жеңімпаз атанып, арнайы төсбелгімен марапатталды.
Дәрігер дәрімен емдемейді тілмен емдейді дегендей,жалпы тәжірибелі дәрігер халық алдындағы емхананың өкілі. Осы шеңбердің аясында науқас алғашқы денсаулық сақтау жүйесімен байланысады.Сол себепті отбасылық дәрігердің біліктілігінің жоғары болуы және науқаспен қарым-қатынаста сенімділік туындатуы өте маңызды.
Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!