Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдаланып, көкөніс дақылдарын егу жұмыстарын жүргізуде

162

Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғыны Байтілеуов Асқар Елеубайұлы Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдаланып көкөніс дақылдарын егу жұмыстарын жүргізуде. Аймақтың қысы ұзақ та қатал, жазы қысқа да салқын болуына байланысты, картоп, қауын-қарбыз, қияр дақылдарын арнайы полиэтилен жабындысы бойынша егіп өсіруде. Полиэтилен жабындысының пайдасы салқын ауа-райы қалыптасқан округтің климаттық жағдайында, күн сәулесін қатты тартады және бақшаны артық арамшөптерден сақтайды. Дихан жігіт Асқар Елеубайұлымен арнайы тілдескенде: Балаларды да жазғы демалыста ұялы телефонға телміртпей еңбекке баулу және өз отбасының тұтынуынан артылып жатса ауыл тұрғындарына дәрісіз, таза өскен көкөніс дақылдарын арзан бағада ұсыну екендігін жеткізді

Жанысбек Арыстанбеков
Әшір Бүркітбаев ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.