Үстіне диван құлаған ақтаулық азамат сал болып қалды

107

Ақтауда 11-шағынауданда көпқабатты үйден диван құлап, салдарынан зардап шеккен 39 жастағы ер адам әлі күнге дейін облыстық ауруханада жатыр деп хабарлады turkystan.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өзгерістер әлі байқалған жоқ. Ер адам сал болып қалады. Жағдайы қалыпты орташа деңгейде», – деді дәрігерлер.

Ал полиция қызметкерлері кінәліні іздеуді әлі де жалғастыруда. Қылмыстық іс жабылған жоқ.

Еске сала кетсек, қаңтар айында 11-шағынаудан, №41 үйдің жанынан өтіп бара жатқан адамның үстіне диван құлаған. Ер адам қатты соққы салдарынан сол жерде есінен танып қалып, жедел жәрдем алып кетеді. Бұл дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Науқасқа операция жасау  үшін қаңтар айының соңында Астанадан дәрігерлер келді.

Соққыдан соң бірнеше ем-дом жасалғанымен науқас сал болып қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.