Үш ай бұрын іс-түссіз жоғалып кеткен қарағандылық өлі табылды

86

Қарағандыда 33 жастағы қала тұрғыны 15 шілдеден бастап із-түссіз жоғалуына байланысты оған іздеу жарияланды. Оның нақты мекенжайын анықтау шаралары екі айдан аса уақыт жүргізілді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері азаматты анықтау жұмысына барлық күш құралдарды жұмылдырып, оның жақындары мен таныстары бойынша да ақпараттар жинады.

«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған азаматты өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол жәбірленушімен сөзге келіспеушілік барысында оған дене жарақаттарын келтіріп, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті жер үйлердің бірінің қорасында көміп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді», – дейді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.