
https://turkystan.kz/article/259747-us-apaly-sinili-seselerinen-qalgan-uidi-bolise-almai-sottasqan
Тараз қалалық соты шешелерінен қалған мүлікті бөлісе алмаған апалы-сіңілілердің ісін қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Үш қыз әке-шешелері қайтыс болғаннан кейін қалған үйді бөлісе алмаған.
Сотта олар медиациялық келісімге келді. Татуласу нәтижесінде олар пәтерді үшке бөлетін болды.
Қыздардың біреуі өз үлесін сіңілісіне 3 млн теңгеге беретін болып келіскен.
Сот бұл келісімді бекітті. Тараптардың келісімге келуіне байланысты іс өндірісі тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.