Үкіметте мұнай, жолаушылар әуе тасымалы нарығындағы монополиямен күрес мәселесі қаралды

90

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында мұнай өнімдерін өндіру саласы және жолаушылар әуе тасымалы нарығында монополияға қарсы жаңа шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар қаралды деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен мұнай өңдеу зауыттарының бірінде техникалық сервистің негізгі функцияларын аутсорсингтен кәсіпорынның өзіне қайтару мәселелері талқыланды.

Бұл аталған қызметтерді орындауға араласатын артық делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар заңнамадағы кемшін тұстардың есебінен билет құнының негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік беретін жолаушылар әуе тасымалы саласындағы шараларды қарастырды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр уәкілетті органдарға бекітілген шешімдерді іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.