Үкімет: ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚ On Апр 25, 2023 87 Бөлісу ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселесі талқыланды деп хабарлады turkystan.kz. Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады. Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды. https://turkystan.kz/article/220896-ukimet-iri-munay-gaz-kompaniyasy-arzan-bagada-zhekemenshikke-satylyp-ketken/ 87 Бөлісу