Үкімет басшысы жамбылдық кәсіпкерлермен, білім және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті

419

Әулиеата өңіріне сапары барысында Үкімет басшысы Жамбыл политехникалық  жоғарғы колледжінде болып, оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Колледж 1560 орынға арналған. Мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін білім ордасында 2 оқу, өндіріс кешендері, 420 орындық  екі жатақханасы, 74 оқу кабинеттері, 15 компьютерлік класстар, 21 оқу шеберханасы, 11 зертханасы, 3 спорт залы, 2 спорт алаңшасы, кітапхана, оқу және акт залдары бар. Барлығы 586 адам еңбек етеді. Оның ішінде педагогикалық құрам – 313. Бұл туралы облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтып берді.

Айта кету керек, аталмыш оқу ордасы осы жылдың қыркүйек айында Жамбыл политехникалық және Тараз химия-технеологиялық колледждерінің біріктірілуі аясында қайта жасақталып, өз жұмысын жалғастыруда. Еліміздегі сапалы әрі білікті мамандар даярлауда «Кәсіпқор» республикалық холдингінің  10 жетекші колледждің қатарына енген.

Аталған колледждің оқу шеберханасы фойесінде  Премьер-Министр назарына  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өңірдегі  орындалу  жұмыстары барысы бойынша әзірленген презентация ұсынылды.

Өңірімізге іссапары барысында ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыстық балалар ауруханасына, «Тараз су» мекемелеріне де арнайы ат басын бұрды. Сондай-ақ, жамбылдық кәсіпкерлермен, білім және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесіп, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңашылдықтар туралы ой бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен тарифтерді төмендету бойынша қолға алынған шаралар жайында жиындар өткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.