Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні туралы не білеміз?

17
«Құс төресі – аққу, ән төресі – «Гәкку» деген көнеден келе жатқан сөз бар. Аққу – әсемдік пен сұлулықтың символы болса, ал Гәкку ше?
1936 жылдың мамыр айында Қазақстан өнерінің Мәскеудегі өткен онкүндігінің керемет жетістігі, «Қыз Жібек» операсы. «Күләш болмаса, «Гәкку» әні айтылмаса, сол кезде өз мақсатына жете алмас па еді». Сталин бастаған топ Күләш «Гәккуді» аяқтай бергенде операны қайталап айтуды сұраған екен.
Бірақ әннің авторы Үкілі Ыбырай деп ешкім атай алмаған. Атауға қорыққан. Айта кетуіміз керек, Үкілі Ыбырай Кеңес үкіметін мойындамағн екен. Жүргізген саясатының теріс жағын өлең жолдарына түсіріп, әшкерелеген көрінеді. Сол себепті үстінен арыз түсіп, абақтыға қамалып, «халық жауы» саналып, атылып кетеді. Ал құдіретті ән қалай туды?
Аралап талай жердің дәмін таттым,
Құс салып айдын көлге дабыл қақтым,
Айта алмай «Гәккуімді» ешбір адам,
Мамырлап қоңыр қаздай баяулаттым.
Құбылтып тоқсан түрлі ән саламын,
Ән салсам құлашымды кең аламын,
Түскенде сен есіме ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, тұнып тұрған керемет ырғақ. Бұл ән өзінің Хакима деген ғашығына арнаған екен. Ол ғашығын Хакима демей, «Гәкку» деп еркелетіпті. Бірақ, ол заманда қазақ қыздары кіммен атастырылса, сонымен кете барған. Сөйтіп қос ғашықтар қосыла алмай ажырап кете берген.
Өнер зерттеушілердің пайымдауынша сазгер «Гәккудің» көп түрін шығарған екен. Бізге жеткені 5 түрі бар.
Дайындаған:Г.Бүркітбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.