Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

73

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша 220 (95+125) кг нәтиже көрсетті.

Екінші орынды 210 кг салмақта қытайлық Линлу Лю иеленсе, үшінші орынға 193 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева қол жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.