Жүйелі жұмыс

94
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Аудан әкімі мен қала және ауылдық округ әкімдері арасындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы» аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Индира Тілікова баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Тұрғын үй құрылысына берілетін жер учаскелерінің егжей-тегжейлі жоспары мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылыммен қамту туралы» аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Жұмат Сақыпбеков баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Мал қыстату науқанына дайындық барысы туралы» аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ануар Қоянтайдың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру және жүйелі жұмыс жасау үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.