Жылыту маусымы жіті назарда

188

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Серимов Қайрат Маратұлы Сарысу ауданындағы алғашқы жұмыс сапарын жылыту маусымының даярлығынан бастады.
Жаңатаста 92 көпқабатты үйді жылумен қамтып отырған қазандыққа атбасын бұрып, қазандық жұмысымен танысты.

Қайрат Маратұлы орталық қазандық жұмысымен танысып әлеуметтік нысандардың жылу жүйелеріне дайындық барысын көріп шықты.
Осы аралау барысында аудан әкімінің орынбасары: «Қыс шанаңды жаз сайла» дейді қазақ даналығы. Расында қыс қыр астында. Осы кезеңде төтенше жағдайлар жиілеп кететіні белгілі.

Қылышын сүйреткен қыс мезгілінің басты қаруы суығында екені рас. Әрине биыл қыс қалай болатындығын ешкім дөп басып айта алмайды.
Алайда қарашаның қара суығы келді дегенше, қылышын сүйретіп кәрі құда қыс та төрге шығатыны белгілі.

Сондықтан жылыту маусымына дайындық шараларын қазірден бастап, кез келген жағдайға дайын болғанымыз абзал.
Сонда ғана қара халықтың ұйқысы тыныш, ел-жұрттың амандығы болмақ.
Ең бастысы халықтың амандығы мен өмірі екендігін баса ескертті.

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.