Қаулыға қол қойылды: Алматыда жолақы қымбаттайды

59

Алматыда 21 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жолақы қымбаттайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда, «Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңге болады, яғни баға 20 теңгеге қымбаттайды. Қолма-қол төлемде жол жүру құны – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі, деп жазды ҚазАқпарат.

Алматы әкімі Ерболат Досаев 10 тамыз күні жолаушыларды тасымалдау тарифтерін көтеру туралы қаулыға қол қойды.

«Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға тарифтер төлем тәсіліне қарай мынадай мөлшерде белгіленсін: ұялы байланыс операторының не көлік картасының қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеген кезде — 100 теңге; жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеген кезде – 200 теңге», – делінген қаулы мәтінінде.

Еске салайық жаңа тариф 9 тамыз күні қала мәслихатының 7-сессиясында бекітілді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тасымалдаушылар шығындарының артқанына қарамастан, мегаполисте жолақы 11 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген.

 

https://turkystan.kz/article/230135-kaulyga-kol-koyyldy-almatyda-zholaky-kymbattaydy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.