Жылыту маусымы басты назарда

62
Аз уақытта жылыту маусымы басталады. Шілденің өте қатты ыстық болғанын назарға алсақ, қысқы жылыту маусымына толық дайын болуымыз қажет.
Аудандағы алғашқы жұмыс аптамды және күнделікті жұмыс күнімді жылыту маусымына дайындықтан бастаймыз.
Аудан орталығы Жаңатас қаласында орналасқан орталық қазандықтың жұмысымен таныстым. 92 көпқабатты тұрғын үй мен жеке үй, мекемелерді жылумен қамтамасыз етіп отырған орталық қазандықтың мамандарымен сөйлесіп, тапсырмалар тапсырдым.
Сонымен бірге, әлеуметтік нысандарды аралап шықтым, жылыту маусымына жауапты әр сала мамандарына тиісті тапсырмаларды жүктеп, жылыту маусымына толық дайын болуымызды, көмір түсіруді қыркүйектің бірінші онкүндігінде толық аяқтауын тапсырдым.

 

Кайрат Серимов

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.