Жылқы ерекше жануар

72
Ғалымдар табылған қазба заттарға сүйене отырып, әлемде адамзаттың жылқыны алғаш Қазақстан территориясында мінгенін зерттеді.
Ғалымдар жылқыны зеттей келе қызықты жайтты аңғарған. Мәселен жылқының көру қабілеті адамға ұқсас, яғни олар түстерді ажырата алады. Дегенмен көк және қызыл түстерді дұрыс танымайды.
Жылқының иіс сезу қабілеті өте жоғары. Олар тік тұрып ұйықтайды. Тіпті ұйқы кезінде адам секілді түс көреді.
Жылқының жадысы керемет дамыған. Олар өзіне қатал қараған адамды өмір бойы есте сақтай алады, достарын да ұмытпайды.
Жылқының орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 25-30 жыл.
Әлемдегі ең қымбат жылқының бағасы 200 миллион долларды құрайды. Ол ең беделді жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Бұл жылқының есімі Френкель деп аталады.
Бүгінде жылқының 400-ден астам түрі бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.