Жыл басынан бері 3079 азамат белсенді шаралармен қамтылды

95
Жыл басынан бері 3079 азамат белсенді шаралармен қамтылды. Оның ішінде, 1324 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 76 адам жолданды. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 266 жас маман мекеме, кәсіпорындарға жұмысқа жіберілсе, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру бойынша 740 адам жұмысқа тартылған. Күміс жас аясындағы жұмыс орындарына 43 адам жолдама алды.
353 азамат «Бастау бизнес» оқу курсынан өтті.
2023 жылдың 6 қарашасына тиісті уәкілетті органда 1213 азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр.
Кәсіпкерлікті дамыту аясында қайтарымсыз грант қаражаты 73 адамға берілсе, 2023-2025 жылдарға арналған жастарға берілетін 2,5% жеңілдетілген микрокредит аудан бойынша 14 жастарға беру жоспарланып, бүгінде 21 азамат несие алды.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.