Жуалылық жастар нашақорлыққа қарсы

137
Бүгін  аудан орталығынан шалғай жатқан ауыл жастарының қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру және түсіндіру бойынша «Жастарды синтетикалық есірткіден қорғайық» тақырыбында кездесу өтті.

Күн тәртібінде талқыланатын мәселе бойынша спикерлер  «Жастарды синтетикалық есірткіден қорғайық» тақырыбында жастарға түсіндірме жұмысын жүргізіп,  зиянды нәрседен аулақ болуға шақыру.

 

–Тәуелсіздігімізді алғанға дейін нашақор деген сөз жат ұғым еді. Зиянды затқа тәуелділік адам тағдырын құртып қана қоймай, бір отбасыны қиратуы мүмкін. Президент Жолдауда бұл мәселені де назардан тыс қалдырған жоқ.  Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы үш жылда тәркіленген синтетикалық есірткінің көлемі  10 есе артқан. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділік күн өткен сайын өмір сүру деңгейін төмендетіп, өлімге алып келуде. Сондықтан, бұған тосқауыл қоймасақ, жайлап кету қаупі көп. Жастарға айтарым, зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулықтарыңды күтіп, жат қылықтан сақтанғандарың өздеріңе жақсылық әкелері сөзсіз,  — деді Жәнібек Мырзалиев.

Бақытжан Бекболат «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.