Жуалыда баскетбол ойынынан аудандық жарыс өтті

404
Аудан орталығында орналасқан спорт кешенінде баскетбол ойынынан аудандық жарыс өтті.

⛹‍♂️ Жарысқа Бауыржан Момышұлы, Көлбастау және Шақпақата ауылдарынан барлығы 6 команда қатысып өзара бақ сынасты. Сайыстың әр кездесуі тартысты өтті.

 

Жарыс нәтижесі бойынша Көлбастау ауылының құрама командасы І-ші орынды иеленді. Көлбастау ауылынан келген А.Байтұрсынов-2 командасы ІІ-ші орынды иеленсе Қайрат ауылының құрама командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.

 

✅ Жеңімпаздар медаль, кубок және арнайы дипломдармен марапатталды.

Бақытжан Бекболат «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.