Жуалы ауданындағы барлық елді мекен 100 пайыз ауызсумен қамтылды

67

25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Күреңбел ауылдық округінде таза ауызсу жүйесі іске қосылды.

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және елді мекендерді толықтай сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде аудандағы 49 елді мекеннің барлығы 100 пайыз ауызсумен қамтылған.

2024 жылы Түктібай, Ақтөбе, Қарасу, Көктас, Күркіреусу, Амансай ауылдарында ауызсу жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын.

Биыл бұл игі бастама Күреңбел ауылында жалғасын тапты.

Ауылдағы таза ауызсу жүйесін жүргізу жұмыстарын «ТаразСтрой2004» ЖШС жүзеге асырды. Жоба аясында 42,7 шақырым құбыр тартылып, нәтижесінде 394 ауладағы 2 025 тұрғын таза ауызсуға қол жеткізеді.

Осы күні Шу ауданының Шу қаласындағы Қант зауыты ықшамауданында «Су жүйелері және су шығару ғимараттарының құрылысы» нысанының ашылу салтанаты өтті.

Аталған жоба «Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің тапсырысымен, «Мелиоратор» ЖШС мердігер ұйымы арқылы жүзеге асырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – Шу қаласының Қант зауыты ықшамауданын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және су тарту инфрақұрылымын жаңарту.

Ықшамаудандағы абоненттер саны – 1 739, ал халық саны шамамен 7 600 адам. Су желілерінің жалпы ұзындығы 84,57 шақырым, жер учаскесінің аумағы – 1,5 гектар.

Жоба іске қосылғаннан кейін аудан тұрғындарының ауызсуға қолжетімділігі едәуір жақсарып, тұрмыстық жағдай сапасы артады.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі, тиісті мекеме өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.