Жойқын жел жаңатастықтарды әбігерге салуда

211

Сарысу ауданының Жаңатас қаласында сағат 17.00-дегі жағдай бойынша жел басылмай, екпіні 30 м/с-қа дейін жетті. «ЖаңатасСуЖылу» мекемесінің меншікті генераторларының қуаты айналым сорғыларының жұмысына жеткіліксіз болып отыр.

Бағаналардың құлауына байланысты «ЖЭС» АҚ электр желілеріне кернеу бере алмауда. Шахан қосалқы стансасындағы жабдықтарға мұз қатқан. Қатты желдің салдарынан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Жаңатас қаласындағы жылу жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды. Жергілікті атқарушы органдар халықты ақпараттандыру және жылу пункттерін дайындау жұмыстарын жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.