Жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді

114
Өткен аптадағы соққан жел шағын жауған қармен араласып, таулы аймақтарда боранға ұласқан болатын.
Бұл таулы аймақта орналасқан қысы боранды Түркістан ауылдық округінде қаттырақ борандатты.
Дегенмен, қыс мезгілінде ауылдық округ әкімі аппараты және өзге де жауапты мекемелер төтенше жағдайдың орын алмауын қатаң бақылауға алған.
Бораннан соң елді мекендегі қар үріп тастаған жолдарды жауапты мердігер компаниялар тазалауда.
Бүгін тұрғындардың жолда қауіпсіз қатынауы үшін Үшбас ауылына баратын ауылға кіре беріс жолдар қардан тазаланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.