Кездесу барысында топ мүшелері Жолдауда айтылған міндеттер мен берілген тапсырмалар әсіресе әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас болатындығына және бала күтімі үшін төленетін төлемді 1,5 жасқа дейін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аудару тапсырмасы берілгендігіне аналар ерекше қуанатындығын айтты.
Ермек Абдиваитов өз сөзінде: «Себебі, мұның бәрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Жолдауда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Яғни, ең алдымен құжатта адам мен оның мүддесіне басымдық берілген. Демек, Жолдау бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейді. Атап айтқанда, құжатта басты талап ретінде халықтың табысына маңыз берілді. Ең төменгі жалақының 70 мың болып артатынына да ризашлылық танытып отыр. Түптеп келгенде, бұл Жолдауда қарапайым азаматтардың жағдайын жақсарту жайы қарастырылған», — деді.
Сонымен қатар жиын барысында топ мүшелері: «Ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Халық игілігіне айналатын бұл маңызды жоба республика бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Әсіресе біздің ауданның өзінде газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде ауданның өзінде 40 елдімекен газбен қамтылған болса, қосымша тағы 5 елдімекенді газ желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде», — деді.
Жиын қорытындысы бойынша топ мүшелері халықты ел бірлігін нығайтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге шақырды.