Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді орындау бойынша кеңес өткіздім.![]()




➤ Жолдауда заманауи технологияларды кеңінен енгізу мәселесіне басымдық берілді. Ел Президенті өз сөзінде: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек», – деп атап өтті. Бұл – уақыт талабы, өркениет көшіне ілесудің басты кепілі. Сондықтан цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салада кеңінен қолданып, халық игілігіне жарату – баршамызға ортақ міндет.
➤ Мемлекет басшысы жергілікті билік пен қоғамға айқын мақсаттар қойды. Ең әуелі – инвестиция тарту ісін күшейту. Өңдеу өнеркәсібіне жаңа қаржы құю, арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жетілдіру, қағазбастылықтан түбегейлі арылу, шағын және орта жобаларды қолдау – ел экономикасының іргетасын нығайтар нақты тапсырмалар.



➤ Өңірде дақылдарды әртараптандыру бағытында да жаңа жобалар жүзеге асуда. Алғаш рет пилоттық режимде 15 гектарға соя бұршағы, 238 гектарға бұршақ (фасоль) егілді. Қажетті элиталық тұқымдар Мексикадан әкелінді. Жоба нәтижесінде шамамен 1,6 мың тонна өнім жиналып, экспортқа шығарылмақ.
➤ 2025–2027 жылдары ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 47,5 млрд теңге болатын 19 агрожоба іске асырылады.



