«Мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы егілді»,
— деп мәлімдеді ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Орман шаруашылығын тұрақты түрде дамыту мақсатында былтыр жыл соңында Қазалыда 33 га алаңға жылына 3 млн көшет беретін орман питомнигінің құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда агротехникалық талаптар ескеріле отырып, питомниктегі 10 га алаңға сексеуіл тұқымы егілді.
Бұдан бөлек, биыл ауданы 15 га питомникті жобалау және Аралдың құрғаған түбінде тікелей ұңғымыларды бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.