Теміржол – ел экономикасының негізгі күретамыры. Жалпы жүктің шамамен 40,0 пайызы, жолаушылардың 60,0 пайызы теміржолмен тасымалданады.Өңірде бірнеше компания вагон жөндеу және локомативке қызмет көрсетумен айналысуда. «ЖамбылРемСервис» кәсіпорнында 2024 жылы жоспарлы жөндеуден 3526 вагон, ағымдық ажырату жөндеуден 231 вагон өтті.
«Қамқор Локомотив» кәсіпорнына қарасты Тараз және Шу локомотив жөндеу деполарында 448 локомативке техникалық қызмет көрсетіліп, 100 дизельді тепловоз жаңартылды.
Шу станциясында жылына 200 локомотивке дейін техникалық қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін сервис орталығы іске қосылды.
Биыл 52,7 шақырым магистральды теміржолды күрделі жөндеу, Шу станциясында 4 қосымша жолды салу жоспарланып отыр. Сол сияқты, бұзылып кеткен Бірлік-2 станциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары