Жол жөндеу жұмысы қарқынды

26

Таразда ағымды жол жөндеу жұмыстары басталды.

Күз және қыс айларындағы жауын-шашыннан кейін жол жабындыларында шұңқырлардың пайда болуы, сондай-ақ жолдың беткі қабаты зақымдалып, асфальттардың ойылуы – табиғи құбылыс. Қазіргі таңда қала жолдарының сапасын сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жөндеу жұмыстары уақытылы назарға алынды.

Осыған орай қалада Полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімшесінің нұсқамасына сәйкес мердігер «Amazon – 2030» ЖШС тарапынан көшелерді ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Төле би даңғылы, Байтасов, Дүкенұлы, Казаков көшелері, сондай-ақ Төле би мен Жамбыл даңғылдарының қиылысы, Жамбыл даңғылы (аспалы көпір үсті), Аққозиев, Көшеней және Қазыбек би көшелерінде жөндеу жұмыстары қарқынды түрде атқарылып жатыр.

Алдағы уақытта талап бойынша зерделенген басқа да көшелерге ағымды жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.