Жамбылдық жолшылар жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе отырып, өңірдегі қара жолдың сапасын арттыру мәселесіне көптеп көңіл бөлуде. Дәл осы мақсатта жақында Жуалы ауданында бірқатар ауыл әкімдерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосу барысында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Жамбыл облыстық филиалының бөлім бастығы Мадияр Мырзалимов орташа жөндеуден өтетін елді мекен көшелерінің техникалық ведомстволық сараптамаларын өткізу, жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау және асфальт төсеу технологиясы жөнінде толық мағлұмат берді.
Жалпы, жолшылар жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге қашанда мүдделілік танытатынын айта кеткен жөн. Ал жиын соңында ауылдық округтің әкімдері өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.