Жол қауіпсіздігі басты назарда

121
Сарысу аудандық полиция бөлімімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу, оның ішінде балалардың жарақаттануының профилактикасына байланысты бірқатар жұмыстар атқарылды.
Үстіміздегі жылдың 10 айында көлік құралын масаң күйде басқару, жылдамдық режимін, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, қиылыстардан және жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, қоғамдық көліктің жүргізушілерімен рейсалды және қауіпсіздік белдігін тақпаған және т.б. мәселелерге ерекше назар аударылып, барлығы 2447 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Биылғы жылы жол-көлік оқиғалар саны -70,0 % төмендеген (10-нан 3), дене жарақатын алғандар -70,0% (10-нан 3) төмендеген, ал қаза болғандар — 66,7% (6-дан 2) төмендеген.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жыл басынан бері «Қауіпсіз жол», «Назар аударыныз балалар», «Автобус», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел профилактикалық іс шаралары өткізіліп, нәтижесінде 678 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Жол апаттының, балалардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларын алдын алу алдын алу және оны төмендету мақсатында, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, насихаттық-дәрістік жұмыстарды, тәрбие сағаттарын тұрақты жүргізіп келеді.
Сабақтың мақсаты оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу болып табылады. Еңбек ұжымдары мен оқу орындарында 51 – ге жуық дәрістер мен түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет ресурстарында жол қауіпсіздігі бойынша жыл басынан 41 материалдар жарияланған.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.